Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлының төрағалығымен аудан аумағында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобаларды іске асыру, оның ішінде «Целиноград ауданының Агрохаб» индустриялық аймағын дамыту мәселелеріне арналған кеңес өтті.
Кеңеске бейінді мемлекеттік органдардың, «АРЭК» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Целиноград Су Арнасы» ШЖҚ МКК, «QazaqGaz Aimaq» АҚ, сондай-ақ «Aqmola Industry» ЖШС өкілдері қатысты.
Кездесу барысында «Агрохаб» индустриялық аймағында, сондай-ақ ауданның ауылдық округтерінде жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар қаралды. Атап айтқанда, жобаларды қажетті инженерлік және көлік инфрақұрылымымен қамтамасыз ету, соның ішінде электрмен жабдықтау, газдандыру, сумен жабдықтау және кірме жолдарды салу мәселелеріне баса назар аударылды.
Сонымен қатар инвестициялық бастамалардың іске асырылу қарқынына әсер ететін өзекті мәселелер талқыланып, оларды шешу жолдары мен алдағы бірлескен іс-қимылдар айқындалды.
Кеңес қорытындысы бойынша инфрақұрылымдық мәселелерді уақтылы шешу, өзара іс-қимылды үйлестіру және инвестициялық жобалардың тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету мақсатында жауапты ұйымдар мен бейінді мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Целиноград ауданы қолайлы географиялық орналасуымен, елордаға жақындығымен, дамыған көлік-логистикалық әлеуетімен және өнеркәсіпті одан әрі дамыту мүмкіндіктерімен ерекшеленеді. Инвестициялық жобаларды, оның ішінде «Агрохаб» индустриялық аймағында іске асыру жаңа өндірістік қуаттарды ашуға, қосымша инвестициялар тартуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және ауданның әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұл бағыттағы жұмыстар инвесторлармен, бейінді мемлекеттік органдармен және инфрақұрылымдық ұйымдармен тығыз өзара іс-қимыл жасау арқылы жалғасын табады.
Басты мақсат - инвестиция тартуға қолайлы жағдай жасау, жаңа өндірістерді дамыту және Целиноград ауданының тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз ету.