Мәселенің өзектілігі
Ағымдағы жылғы 19 қарашада «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында аудан прокуратурасының бастамасымен Қызылжар ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп, «Солтүстік Қазақстан мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС еңбек ұжымымен кездесу өткізілді (29 қызметкер қамтылды).
Кездесудің мақсаты – өндірістік жарақаттанудың алдын алу және жұмыс орындарында қауіпсіздік техникасын сақтау мақсатында еңбек заңнамасын түсіндіру.
Кездесу барысында қойылған сұрақтарға толық түсініктемелер берілді.