«Ақиқат пен жалған» – танымдық семинар-тренинг

«Ақиқат пен жалған» – танымдық семинар-тренинг

17 қараша күні Теректі ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Сенім» отбасы орталығының жетекшісі Қайрекенова А.Қ.-ның ұйымдастыруымен БҚО бойынша ҚАЖД Теректі ауданының №1 пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды қоғамға бейімдеуге бағытталған тәрбиелік мәні зор семинар-тренинг өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қатысушылардың өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыру, дұрыс шешім қабылдауға бағыттау, сондай-ақ адалдықтың, жауапкершіліктің және өз іс-әрекетіне саналы түрде қараудың маңыздылығын түсіндіру.

Тренинг аяқталғаннан кейін сотталған азаматтар спорттық іс-шараға қатысып, футбол ойнады.

Сонымен қатар, «Аманат-Жайық» қоғамдық қорының теологы Адайхан Бағдат Қанатұлы діни сауаттылықты арттыру, дәстүрлі діни құндылықтарды түсіндіру және азаматтардың түрлі деструктивті діни ағымдардың ықпалына түсуінің алдын алу бағытында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Осындай іс-шаралар азаматтардың қоғамға бейімделуіне, салауатты өмір салтын ұстануына, рухани дамуына және өз күшіне деген сенімін нығайтуға оң ықпал етеді.

Іс-шара соңында қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Басты мақсат – қолдау көрсету, дұрыс өмірлік бағыт-бағдар беру және әрбір азаматқа қоғамның толыққанды мүшесі ретінде қайта оралуға мүмкіндік жасау! 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/duis-uralsk/press/news/details/1332155?lang=kk