2026 жылғы акциз мөлшерлемелері: салық төлеушілер нені білуі керек?

2026 жылғы акциз мөлшерлемелері: салық төлеушілер нені білуі керек?

Қазақстан Республикасының 2025 жылғы 18 шілдедегі № 214-VIII Салық кодексіне сәйкес 2026 жылдан бастап акциз мөлшерлемелері өзгертілді. Сонымен қатар энергетикалық сусындарға акциз енгізілді.

2. 2026 жылы қолданылатын негізгі акциз мөлшерлемелері:

1.     Алкоголь өнімдері (шарапты, шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда) — 100 пайыздық спирттің 1 литріне 2 805 теңге.

2.     Шарап — 1 литріне 38 теңге.

3.     Сыра және сыра сусыны — 1 литріне 99 теңге.

4.     Сүзгілі және сүзгісіз темекі, папирос және сигариллалар — 1 000 данаға 18 051 теңге.

5.     Құбырлық және кальяндық темекі — 1 килограмына 15 863 теңге.

6.     Қыздырылатын темекісі бар бұйымдар — 1 000 данаға 11 230 теңге.

7.     Энергетикалық сусындар — 1 литріне 100 теңге.

Құны 10 000 теңгеден асатын импортталатын сигараларға кедендік құнының 10%-ы мөлшерінде акциз мөлшерлемесі белгіленген.

Құны 18 000 АЕК-тен асатын жеңіл автомобильдерге, сондай-ақ құны 24 000 АЕК-тен асатын кемелер мен әуе кемелеріне олардың құнының 10%-ы мөлшерінде акциз мөлшерлемелері белгіленген.

Энергетикалық сусындарға акциз 2026 жылдан бастап енгізілді. Оның мөлшерлемесін кейінгі жылдары кезең-кезеңімен арттыру көзделген.

Кәсіпкерлерге акцизделетін тауарлар бойынша салық міндеттемелерін дұрыс есептеу, салық есептілігін белгіленген мерзімде тапсыру және қолданыстағы Салық кодексінің талаптарын сақтау ұсынылады.

Толық ақпаратты Қазақстан Республикасының Салық кодексінен және мемлекеттік кірістер органдарының ресми интернет-ресурстарынан алуға болады.

3. Алкоголь өнімдерін сатуға лицензия алу тәртібі

1. Лицензияны қайдан алуға болады?

Лицензия алуға арналған өтініш электрондық түрде электрондық үкіметтің www.egov.kz порталы немесе «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі арқылы беріледі.

Лицензияны өндіріс аумағынан тыс жерде алкоголь өнімдерін сақтауға және бөлшек немесе көтерме саудада өткізуге қатысты қызмет бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдары береді.

2. Қандай құжаттар қажет?

Лицензия алу үшін өтініш беруші электрондық түрде мынадай құжаттар мен мәліметтерді ұсынады:

  • белгіленген нысандағы өтініш;
  • лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
  • объектіні немесе қойманы пайдалануға құқық беретін құжат (меншік құқығын, жалдау немесе өтеусіз пайдалану құқығын растайтын құжат);
  • біліктілік талаптарына сәйкестігі туралы мәліметтер.

 

3. Үй-жайға қойылатын талаптар

Бөлшек сауда үшін сауда залы бар, белгіленген талаптарға сәйкес келетін стационарлық үй-жай болуы қажет.

Көтерме сауда үшін алкоголь өнімдерін қабылдауға, сақтауға және жөнелтуге арналған қойма үй-жайы болуы тиіс.

Объектінің орналасқан жеріне қатысты заңнамада белгіленген шектеулер сақталуы қажет. Атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау, спорт объектілерінің, автожанармай құю станцияларының, сауда базарларының және мәдени-демалыс ұйымдарының ғимараттары мен аумақтарына қатысты шектеулер ескеріледі.

Сондай-ақ объектінің сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, кәріз жүйесі және бақылау-касса машинасына қатысты белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеріледі.

4. Лицензиялық алым мөлшері

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 616-бабына сәйкес лицензия бергені үшін алым мөлшері мынадай:

Бөлшек сауда үшін:

  • Астана, республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда — 100 АЕК;
  • аудандық маңызы бар қалалар мен кенттерде — 70 АЕК;
  • ауылдық елді мекендерде — 30 АЕК.

Көтерме сауда үшін:

  • 200 АЕК.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап лицензияны пайдаланғаны үшін бұрын көзделген мерзімдік төлемнің орнына лицензияны алу кезінде бір рет төленетін лицензиялық алым қолданылады.

5. Лицензия беру мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес лицензия беру немесе дәлелді бас тарту туралы шешім өтініш тіркелген күннен кейінгі бір жұмыс күнінен кешіктірілмей ұсынылады.

6. Қандай жағдайда лицензия беруден бас тартылуы мүмкін?

Лицензия беруден заңнамада көзделген негіздер бойынша бас тартылуы мүмкін. Оларға лицензиялық алымның төленбеуі, біліктілік талаптарына сәйкес келмеу, дәйексіз мәліметтер ұсыну және сот актілерінде көзделген шектеулердің болуы жатады.

Кәсіпкерлерге өтініш бермес бұрын объектінің құжаттарын, орналасқан жерін және біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеру ұсынылады.

Қосымша ақпаратты eGov.kz порталынан және Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің ресми интернет-ресурста 

 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-atyrau/press/news/details/1332153?lang=kk