17 қарашада Курчатов қаласының Жастар ресурстық орталығында «Жас сайлаушылар» клубының отырысы өтті. Онда 29 қарашаға белгіленген мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына жастардың дайындығы талқыланды.
Аумақтық сайлау комиссия төрағасының орынбасары сайлау тәртібін, партиялық тізімдер мен бірмандаттық округтердің айырмашылығын, бюллетень түрлерін және сайлау учаскесін тексеру жолдарын егжей-тегжейлі баяндады.
Алғаш рет дауыс беретін жастар сұрақтарына жауап алып, өңір дамуы үшін әрбір дауыстың маңызды екенін атап өтті.
Жиын қорытындысы бойынша клуб мүшелері жастарды 29 қарашадағы сайлауға белсенді қатысуға шақырып, құрдастары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуге уағдаласты.