KazAID дінаралық диалог алаңында гуманитарлық ынтымақтастық бағыттарын ұсынды

KazAID дінаралық диалог алаңында гуманитарлық ынтымақтастық бағыттарын ұсынды

2026 жылғы 17 қарашада KazAID Басқарма төрағасы Нұрғали Арыстанов Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы Егеменді Мальта Орденімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ пен Егеменді Мальта Ордені жанындағы Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырған «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі аясындағы дінаралық және гуманитарлық ынтымақтастық» тақырыбындағы іс-шарада сөз сөйледі.

Өз сөзінде Нұрғали Арыстанов қазақстандық агенттіктің бағдарламалары туралы ақпарат беріп, серіктес елдермен гуманитарлық ынтымақтастық және дамуға арналған ресми көмек (ДРК) бағыттары жөнінде баяндады. Сондай-ақ ол Қазақстанның орнықты даму мүддесіндегі халықаралық ынтымақтастықта өз рөлін дәйекті түрде нығайтып келе жатқанын атап өтіп, Агенттіктің цифрландыру, жасанды интеллект, білім беру және орнықты даму сияқты салаларда бірлескен гуманитарлық жобаларды іске асыруға дайын екенін білдірді.

Іс-шараға сондай-ақ Егеменді Мальта Орденінің, қазақстандық мемлекеттік құрылымдардың, Қызыл Ай Қоғамының, «UNICEF Жастары», Ұлттық волонтерлік желі, дипломатиялық корпус, халықаралық гуманитарлық ұйымдар мен медициналық қауымдастық өкілдері қатысты

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kazaid/press/news/details/1332118?lang=kk