Түркістан облысы Полиция департаменті, облыс әкімдігі және Төтенше жағдайлар департаменті өкілдерінің қатысуымен коммуналдық қызметтердің қысқы кезеңде жолдарды қардан тазалауға арналған арнайы техникаларына комиссиялық тексеру жүргізілді.
Тексеру барысында арнайы техникалардың жай-күйі, жолдарға себілетін көктайғаққа қарсы инертті материалдардың қоры, сондай-ақ жылыту бекеттерінің дайындығы назарға алынды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – қыс мезгілінде облыс аумағындағы автомобиль жолдарын уақтылы тазалау, жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу.
Жүргізушілер назарына!
Қыс мезгілінің басталуына байланысты Түркістан облысы Полиция департаменті тұрғындар мен өңір қонақтарын жол қозғалысы кезінде барынша сақ болуға шақырады.