2026 жылғы 16 қарашада аудан әкімінің аппаратының үлкен залында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Ішкі мемлекеттік аудит департаменті өкілдерінің қатысуымен семинар-кеңес өтті.
Іс-шараға аудандық мәслихат аппаратының басшысы Майәмірова Сәуле Қапарқызы қатысты.
Семинар барысында бюджет заңнамасын сақтау, мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіру, сондай-ақ бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі мен ашықтығын арттыру мәселелері қаралды.
Атап айтқанда, қатысушылар Департаменттің 2025–2030 жылдарға арналған қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасы аясындағы қызметімен танысты. Аталған тұжырымдаманы іске асыру құқықтық мәдениетті нығайтуға, құқық бұзушылықтарға төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға және заңнама талаптарын сақтау жауапкершілігін арттыруға бағытталғаны атап өтілді.
2026 жылдың 10 айындағы бюджет шығыстары бөлігінің онлайн-бюджеттік мониторингінің нәтижелері мен оны одан әрі дамыту перспективаларына ерекше назар аударылды. Талқылау барысында мониторингтің негізгі нәтижелері таныстырылып, өзекті мәселелер мен бюджет шығыстарының атқарылуын бақылауды жетілдіру бағыттары айқындалды.
Семинардың маңызды тақырыптарының бірі 2026 жылдың 10 айындағы камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған жиі кездесетін бұзушылықтар, сондай-ақ мемлекеттік сатып алу саласындағы жаңашылдықтар болды. Қатысушыларға заңнаманың негізгі талаптары түсіндіріліп, жиі жіберілетін қателіктерге және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру барысында олардың алдын алу қажеттігіне назар аударылды.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Департамент мамандарынан жан-жақты жауаптар, түсініктемелер мен практикалық ұсынымдар алды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға қаралған барлық мәселелер жөнінде қажетті ақпарат жеткізілді. Бюджет заңнамасы мен мемлекеттік сатып алу туралы заңнама талаптарын қатаң сақтау, сондай-ақ бюджеттік рәсімдерді жоспарлау және орындау кезінде заң бұзушылықтарға жол бермеу қажеттігіне ерекше назар аударылды.
Өткізілген іс-шара кәсіби пікір алмасуға, тәжірибе бөлісуге және мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің құқықтық әрі қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған маңызды алаңға айналды.