Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «Pallas Resources Ltd» компаниясының президенті әрі құрылтайшысы Даниэл Риклманмен кездесті.
Кездесу барысында өңірдің жер қойнауын зерттеу, пайдалы қазбалар қорын анықтау, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және инвестициялық әріптестікті дамыту мәселелері талқыланды.
«Pallas Resources» – Орталық Азияда мыс пен алтын кен орындарын іздеу және геологиялық барлау жұмыстарымен айналысатын британдық компания. Сондай-ақ компания халықаралық тау-кен өнеркәсібіндегі ірі инвесторлармен әріптестік орнатқан.
Облыс әкімі өңірдің минералдық-шикізаттық әлеуетін тиімді пайдалану, инвестиция тарту және өзара тиімді жобаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде компания өкілі Түркістан облысындағы геологиялық барлау саласының мүмкіндіктеріне қызығушылық білдірді.
Кездесу қорытындысында тараптар өзара ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылап, әріптестікті одан әрі жалғастыруға уағдаласты.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі