Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві кездесу өткізу туралы

Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архиві кездесу өткізу туралы

2026 жылғы 16 қарашада Әулиекөл өңірлік мемлекеттік архивінің қызметкерлері  Сьянов атындағы Әулиекөл орта мектеп оқушыларымен және Рахимов Керімбайдың туыстарымен кездесу өткізді.

Тарихи жадыны сақтау, өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік, батылдық пен азаматтық жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру мақсатында 2002 жылдың қыс мезгілінде суға батып бара жатқан балаларды құтқару кезінде қаза тапқан Рахимов Керімбайдың туыстары мен мектеп оқушыларының қатысуымен еске алу кездесуі өткізілді.

Кездесу барысында қатысушыларға қайғылы оқиға туралы, балаларды құтқару үшін еш ойланбастан көмекке ұмтылып, өзгенің өмірін сақтап қалу жолында жанқиярлық, ерлік пен батылдық танытқан Керімбай Рахимовтың қаһармандық ісі туралы мәлімет берілді.

Кездесудің ерекше маңыздылығы – Керімбайдың туыстарының қатысуымен ерекшеленді. Олар оның өмірі, адамгершілік қасиеттері туралы естеліктерімен бөлісіп, жақындары туралы жылы естеліктер айтты. Олардың әңгімелері оқушыларға Керімбайдың жасаған ерлігінің мәні мен маңызын тереңірек түсінуге мүмкіндік берді.

Кездесу жылы әрі әсерлі атмосферада өтті. Оқушылар баяндамаларды зор ықыласпен тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Кездесу соңында марқұмның рухына бір минут үнсіздікпен тағзым етілді.

Рахимов Керімбайдың ерлігі – шынайы батылдықтың, мейірімділік пен адамгершіліктің үлгісі. Осындай кездесулер жасаған ерліктері тарихта мәңгі сақталып, жас ұрпаққа өнеге болатын азаматтардың есімдерін ұмытпай, олардың жарқын бейнесін келешек ұрпаққа жеткізуге ықпал етеді.

Нағыз ерлік ешқашан ұмытылмайды. Батырлардың есімі халық жүрегінде сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасады. 

Барлығы 18 адам қамтылды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-akparattandyru-mem-kysmet/press/news/details/1332092?lang=kk