Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 «Мүгедектігі бар адамдарды жеке абилитациялау және оңалту бағдарламасына сәйкес протездік-ортопедиялық көмекпен және техникалық көмекші құралдармен қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, мүгедектігі бар адамдарды қосымша тірегі бар жүріс құралдарымен қамтамасыз етуге арналған медициналық көрсетілімдерге мыналар жатады:
1. Төменгі аяқ-қолдардың тірек функциясының бұзылуымен қатар жүретін жүру қабілетінің айқын немесе едәуір айқын бұзылыстары.
2. Екі жақтан сүйемелдеу кезінде тік тұру қалпын сақтай алу мүмкіндігі.
3. Екі жоғарғы аяқ-қолдың қол басы функцияларының орташа немесе айқын шектелуі.