САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «ДАРБАЗА–МАҚТААРАЛ» ТЕМІРЖОЛ ЖЕЛІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА «ДАРБАЗА–МАҚТААРАЛ» ТЕМІРЖОЛ ЖЕЛІСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА
 
Сарыағаш ауданында көлік инфрақұрылымын дамытуға және өңірдің транзиттік мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған ауқымды жобалардың бірі – «Дарбаза–Мақтаарал» жаңа теміржол желісінің құрылысы жоспарлы түрде жүзеге асырылуда.
 
Аталған жобаның барысын бақылау мақсатында Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев құрылыс алаңына барып, атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйімен танысты. Жұмыс сапары барысында аудан басшысы нысандағы құрылыс қарқынын саралап, жауапты мамандармен және мердігер ұйым өкілдерімен пікір алмасты.
 
Қазіргі уақытта аудан аумағында жоба аясындағы маңызды нысандардың бірі – «Ердәуіт» теміржол станциясының құрылысы жүргізілуде. Қазіргі уақытта станция аумағында 4 ғимарттың құрылыс жұмыстары аяқталған, рельс-шпал торларын төсеу, жарықтандыру және абаттандыру жұмыстары жалғасуда. Жобаның тапсырыс берушісі – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ.
 
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1332062?lang=kk