Конституциялық сот жаңа Азаматтық кодексте нені ескеру керектігін түсіндірді

Конституциялық сот жаңа Азаматтық кодексте нені ескеру керектігін түсіндірді

Бүгін Құрылтайдың жалпы отырысында Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімова елдегі конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы жыл сайынғы жолдауын жариялап, конституциялық бақылаудың қорытындыларын және ұлттық құқықтық жүйені одан әрі дамытудың басым бағыттарын ұсынды.

Атап айтқанда, жолдау биылғы 1 шілдеде күшіне енген Конституция қолданыста болған кезеңге қатысты ұсынылды. Жаңа Конституция мемлекеттің, оның институттары мен қоғамның одан әрі дамуының құндылық бағдарын айқындайды. Бұл конституциялық-құқықтық тәуекелдердің алдын алу мақсатында заңнаманы жүйелі түрде жаңартуды талап етеді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығында жаңа Конституцияның қабылдануы қазақстандық мемлекеттіліктің дамуындағы маңызды кезең болды.

Азаматтардың өтініші — конституциялық заңдылықтың жай-күйін белгілейтін көрсеткіш. Конституциялық Сот жұмысын бастағаннан бері 18 мыңнан астам өтініш түсті. Өтініш берушілердің шамамен 99 пайызға жуығы — азаматтар. Оларды қорғау нәтижесінде 500-ден астам қаулы және 91 нормативтік қаулы қабылданды. Бұл көрсеткішт конституциялық бақылаудың адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың маңызды тетігі ретінде сұранысқа ие екенін көрсетеді, - деді Э.Әзімова.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-monkebi/press/news/details/1332060?lang=kk