Қарағанды облысы ТЖД қызметкері гирь спортынан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қарағанды облысы ТЖД қызметкері гирь спортынан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

2026 жылғы 14–18 қараша аралығында Латвияның Рига қаласында гирь спортынан әлем чемпионаты өтті. Дүбірлі додаға әлемнің 30-дан астам елінен 500-ден астам спортшы қатысты.

Байрақты бәсекеде Қарағанды облысы ТЖД Өрт сөндіруді және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының аға инженері Александр Комаров ел намысын қорғады. Ересектер арасындағы жеке есепте 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде «ұзақ цикл» дисциплинасы бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері Александр Комаров қола медаль иеленді. Сонымен қатар, Қазақстан құрамасы ұзақ цикл бойынша эстафеталық жарыста күміс жүлдеге қол жеткізді. 

Бұл жетістік – көпжылдық еңбектің, қайсар мінез бен темірдей тәртіптің нәтижесі. Александр Комаровты лайықты жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да биік белестерді бағындырып, жаңа спорттық жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз!

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1331992?lang=kk