Профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты – өртке қарсы қорғаныс жүйелерінің жай-күйін бағалау, ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу және өндірістік нысанда қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Маңғыстау облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі саласындағы мемлекеттік бақылау шеңберінде «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты» ЖШС (МАЭК) объектісіне барып, профилактикалық бақылау жүргізді.
Бақылау барысында Департамент мамандары объектідегі өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталу деңгейіне баға берді. Атап айтқанда, өртке қарсы қорғаныс жүйелерінің техникалық жай-күйіне, алғашқы өрт сөндіру құралдарының болуы мен жарамдылығына, эвакуациялық шығу жолдарының жағдайына және өрттің алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға назар аударылды.
Сонымен қатар қызметкерлердің өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауы, профилактикалық іс-шаралардың уақытылы өткізілуі және өрт туындаған жағдайда тиісті әрекеттерді ұйымдастыруға әзірлігі мәселелері қарастырылды.
Маңғыстау облысы ТЖД