«Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

«Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

2026 жылғы 13 қарашада Қарағанды бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты жұмыс орындары» жобасы аясында «Қамқор Вагон» ЖШС филиалының Қарағанды вагон жөндеу депосы басшылығы мен инженерлік-техникалық қызметкерлерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – еңбек ұжымдарында салауатты және қауіпсіз жұмыс ортасын қалыптастыру, қызметкерлердің денсаулығын сақтау және нығайту, сондай-ақ кәсіптік аурулардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды талқылау.
Кездесу барысында «Салауатты жұмыс орындары» жобасының негізгі бағыттары, оны іске асыру тетіктері және халықаралық тәжірибені жұмыс үдерісіне енгізу мәселелері қарастырылды.
Сонымен қатар жұмыс орындарында денсаулықты нығайтуға бағытталған профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру, еңбек жағдайларын жақсарту, қызметкерлер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулық сақтау мәдениетін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Бұдан бөлек, іс-шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері де талқыланды. Атап айтқанда, сыбайлас жемқорлықтың, оның ішінде тұрмыстық сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, оның туындау себептері мен ықпал ететін факторлары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданатын шаралар түсіндірілді. Қызметтік әдеп нормаларын сақтау, ашықтық пен адалдық қағидаттарын ұстану және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Сондай-ақ қатысушыларға мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі, оларды алу жолдары мен рәсімдері, мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде заңдылық, ашықтық және қолжетімділік қағидаттарын сақтау мәселелері бойынша ақпарат берілді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1331819?lang=kk