2026 жылғы 16 қарашада Департамент басшысы Әнуарбек Жеңісұлы Қонжардың төрағалығымен мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жиыны өткізілді.
Жиын барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын шектеулер мен тыйымдар, мүдделер қақтығысының алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін дербес жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды.
Сонымен қатар сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау, қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалануға жол бермеу, құмар ойындар мен бәс тігуге қатысуға қатысты шектеулерді сақтау, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің адалдығы мен ашықтығын қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау, қызметтік тәртіп, мемлекеттік қызметшілердің деструктивті діни ағымдардың қызметіне араласуын болдырмау ,қоғамдық орындардағы мінез-құлық мәдениеті және 2026 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалуы мәселелері де назардан тыс қалмады.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әрбір мемлекеттік қызметшінің ортақ міндеті. Адалдық, әділдік және заңдылық қағидаттарын берік ұстану мемлекеттік қызметке деген қоғамдық сенімнің негізі болып табылады.
#СыбайласЖемқорлыққаҚарсыІсҚимыл #МемлекеттікҚызмет #ҚызметтікӘдеп