«Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ-де сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық баннерлер мен стендтер орналастырылды.
Бұл жұмыс Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда.
Негізгі мақсат – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу.
Мұндай ақпараттық материалдар заңдылықты, ашықтық пен адалдық қағидаттарын сақтаудың маңыздылығын еске салады.
Заң мен тәртіп – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі!
«Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы» КММ-де сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық баннерлер мен стендтер орналастырылды
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-krg/press/news/details/1330858?lang=kk