«Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында тиісті лицензиясыз азаматтық пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату фактісін анықтап, оның жолын кесті.
- Тексеру барысында Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұза отырып, пиротехникалық өнімдерді сату фактісі анықталды. Аталған факті бойынша қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар қабылданды. Материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін жолданды, – деп хабарлады Екібастұз қаласы Полиция басқармасы қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің бастығы Медет Бейсенов.
Маңызды: пиротехникалық бұйымдарды сатуға тек қажетті рұқсат құжаттары болған жағдайда және белгіленген қауіпсіздік талаптары сақталған кезде ғана жол беріледі.
Құрметті азаматтар! Пиротехникалық өнімдерді тек мамандандырылған сауда орындарынан сатып алыңыздар. Сәйкестік сертификаттарының және мемлекеттік және орыс тілдеріндегі қолдану жөніндегі нұсқаулықтардың бар екеніне назар аударыңыздар.
Естеріңізде болсын: сапасыз және заңсыз сатылатын пиротехникалық бұйымдарды пайдалану жарақат алуға, өрттің шығуына және өзге де төтенше жағдайларға әкеп соғуы мүмкін.
Екібастұзда пиротехникалық бұйымдарды заңсыз сату фактісінің жолы кесілді
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1330854?lang=kk