«Ұлттық қор – балаларға»: жас қазақстандықтарға 97,5 млн АҚШ долларынан аса қаражат төленді

«Ұлттық қор – балаларға»: жас қазақстандықтарға 97,5 млн АҚШ долларынан аса қаражат төленді

 2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 қарашаға дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалану бойынша жалпы сомасы шамамен 97,52 млн АҚШ долларына 435 046 алушыға төлем жасалды. Оның ішінде 286 548 алушыға жалпы сомасы 63,82 млн АҚШ доллары тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, ал 148 498 алушыға 33,69 млн АҚШ доллары білім алуға ақы төлеу үшін аударылды.

2026 жылдың басынан бастап 1 қарашадағы жағдай бойынша НЖ төлемдерін жалпы сомасы 66,24 млн АҚШ долларына 239 649 қазақстандық алды. Бұл ретте 164 543 алушыға тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында 44,39 млн АҚШ долларынан астам, ал 75 106  алушыға білім беру ақысын төлеуге 21,85 млн АҚШ доллары аударылды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar-akkemer/press/news/details/1330853?lang=kk