ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫНЫҢ СПОРТШЫСЫ-АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ!

ЖАҢАСЕМЕЙ АУДАНЫНЫҢ СПОРТШЫСЫ-АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ!

2026 жылғы 14-15 қараша күндері Ақтөбе қаласында Каратэ-до Кёкушинкайдан Азия чемпионаты өтті. Байрақты бәсекеге 12 елден келген үздік спортшылар қатысып, өзара мықтыны анықтады.

Аталған халықаралық додада Жаңасемей ауданы, Приречное ауылының спортшысы Кульчинская София тамаша өнер көрсетіп, жүлделі ІІІ орынға 🥉 ие болды. Осылайша, София Азия чемпионатының қола жүлдегері атанып, ауданымыздың мерейін үстем етті!

Бұл-спортшының табанды еңбегі мен тынымсыз дайындығының, сондай-ақ бапкердің кәсіби шеберлігі мен ата-ананың қолдауының жемісі.

Софияны және оның бапкерін айтулы жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!

Алдағы жарыстарда толағай табыстар, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз! Ауданымыздың абыройын асқақтата бер!

Жарайсың, София! Жеңісің құтты болсын! 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey-prirechnyi;abay-zhanasemey/press/news/details/1330840?lang=kk