Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы еңбек заңнамасы нормаларын түсіндіру
Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаментінің еңбек саласын бақылау және талдау бөлімінің басшысы Дина Сеитова Қостанай облысының Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз етуге қатысты негізгі нормалары, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің міндеттері, сондай-ақ өндірістік жарақаттанудың алдын алу талаптары түсіндірілді.
Атап айтқанда, жазатайым оқиғалардың алдын алу, жұмыс орындарында қауіпсіздік талаптарын сақтау, нұсқамалар өткізу және жұмыскерлерді оқыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру және еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алу мақсатында өткізілді.