Қамысты ауданының прокуратурасы Алтынсарин және Қарабатыр ауылдарының тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жерасты суларын алу барысында табиғат қорғау заңнамасының бұзылғанын анықтады.
Шаруашылық субъектілерінің Гагарин және Ақсу аумақтарында арнайы су пайдалануға тиісті рұқсаттарсыз жерасты суларын алғаны белгілі болды.
Прокурорлық қадағалау актілері негізінде кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 141-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Қазіргі уақытта шаруашылық субъектілері қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдеу бойынша шаралар қабылдауда.
Су ресурстарын пайдалану саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда.
Қостанай облысының прокуратурасы