ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРАҚТЫЛЫҚ ПЕН ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өндірістік ұжымдардағы әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету және еңбек қауіпсіздігін сақтау мәселелеріне арналған мәжіліс өтті.

Жиынға мұнай-газ, құрылыс компанияларының, ірі кәсіпорындар мен шаруашылықтардың басшылары, сондай-ақ жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Мәжіліс барысында еңбек заңнамасының сақталуы, жұмыскерлердің еңбек құқықтарын қорғау, жалақының уақытылы төленуі, қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттанудың алдын алу мәселелері қаралды.

Облыс әкімі кәсіпорындардағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтау мен жұмыскерлердің әл-ауқатын арттырудың маңыздылығын атап өтіп, еңбек заңнамасы талаптарының орындалуына ерекше назар аударуды тапсырды.

Әрбір жұмыскердің еңбек құқығын қорғау, қауіпсіз еңбек етуін қамтамасыз ету және өндірістік жарақаттанудың алдын алу –басты басымдықтарының бірі.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-enbek/press/news/details/1330825?lang=kk