Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтары мен міндеттері туралы
1. Төлем алушылардың құқықтары қандай?
Мемлекеттік корпорациядан және Қордан төлемдерді тағайындау және алу тәртібі туралы ақпаратты тегін сұратуға және алуға ;
Мемлекеттік органдардың, Мемлекеттік корпорацияның және Қордың шешімдеріне, әрекеттеріне немесе әрекетсіздігіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шағымдануға құқылы.
Сонымен қатар төлем алушылардың міндеттері мынадай:
Әлеуметтік төлемдерді, мемлекеттік жәрдемақыларды және зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін қажетті толық әрі шынайы мәліметтерді ұсынуға міндетті;
Төлемдерді алу кезеңінде төлемдерді алу құқығына, олардың мөлшеріне немесе төлемдердің тоқтатылуына әсер етуі мүмкін мән-жайлар туралы Мемлекеттік корпорацияны 10 жұмыс күні ішінде хабардар ету;
Аартық есептелген немесе төленген сомаларды ерікті түрде қайтару, ал қайтарудан бас тартқан жағдайда соттың заңды күшіне енген шешімі негізінде сот тәртібімен қайтару.
Егер төлем алушы жекелеген жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің мөлшеріне әсер ететін мән-жайлар туралы уақтылы хабарламаса, төлем мөлшері тиісті мән-жайлар туындаған кезден бастап, бірақ төлем тағайындалған уақыттан ерте емес мерзімнен қайта қаралуы мүмкін.
Әрбір азаматтың өз құқықтарын білуі және заңнамада белгіленген міндеттерін адал орындауы мемлекеттік әлеуметтік қолдауды заңды әрі дұрыс алудың маңызды шарты болып табылады.