Тағайындау

Тағайындау

Облыс әкімінің өкімімен және ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша Біржан Сайлауұлы Көшербаев Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы болып тағайындалды.

Біржан Көшербаев 32 жаста. Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданы Рублевка ауылының тумасы. «Ұлттық бизнес институты» автономды коммерциялық емес жоғары білім беру ұйымын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінде заңгер көмекшісі болып бастаған. Әр жылдары облыс әкімінің бас инспекторы, облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау басқармасының басшысы, Петропавл қаласы әкімінің орынбасары, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін атқарған. Осы тағайындауға дейін жеке кәсіппен айналысты.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko/press/news/details/1330784?lang=kk