Майқоңыр жалпы білім беретін мектебінің командасы «Студенттік қалқан» аудандық байқауында I орын алды

Майқоңыр жалпы білім беретін мектебінің командасы «Студенттік қалқан» аудандық байқауында I орын алды
Құрамына мұғалімдер мен оқушылар енген мектебіміздің құрама командасы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу тақырыбына арналған «Студенттік қалқан» атты аудандық жастардың шығармашылық ұжымдары арасындағы байқауда I орынды иеленді.
Байқауды «Ертіс ауданының ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімі» ұйымдастырды. «Рух» командасы жоғары дайындық деңгейін, ауызбіршілік пен креативтілікті және белсенді азаматтық ұстанымын көрсетіп, барлық қарсыластарынан озып шықты!
 
 

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-ertis-maikonyr/press/news/details/1330771?lang=kk