Зеренді ауданының әкімі Әсет Құрманғожин Ұлттық валюта – теңге күніне және қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.
Аудан әкімі сала қызметкерлері мен ардагерлерін мерекемен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді. Қаржы жүйесінің қызметкерлері мен ардагерлеріне аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Іс-шара мерекелік концертпен жалғасты.