Латвия астанасы Рига қаласында өткен кір тасын көтеру спортынан әлем чемпионатында Қорғаныс министрлігі Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты Руслан Азат жекелеген сайыста қола жүлдені еншіледі.
Халықаралық кір тасын көтеру спорты одағының (IUKL) қолдауымен ұйымдастырылған бұл сайысқа 16 және 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер, 23 жасқа дейінгі жастар, сондай-ақ ересектер мен ардагерлер секілді түрлі жас санаттарындағы спортшылар бақ сынады.
Әлем біріншілігінің бағдарламасына серпе көтеру, жұлқа көтеру, ұзақ циклаға серпе көтеру және эстафета сынды жекелеген дисциплиналар енді.
Ересектер арасындағы жекелей сында «серпе көтеру» дисциплинасы бойынша Қазақстан Республикасының спорт шебері Руслан Азат үшінші орынға ие болып, әлем біріншілігінің қола жүлдегері атанды.
Бұл жеңіс Руслан Азаттың табанды еңбегі мен жоғары шеберлігінің жемісі ғана емес, жалпы әскери спорттың әлеуеті мен деңгейінің биік екенін паш еткен айтулы жетістік.
Әскери жоғары оқу орнының курсанты Латвияда өткен кір тасын көтеру спортынан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/1330762?lang=kk