2026 жылғы 11 қарашада Абай ауданының Көксу ауылында орналасқан ҚАЖК-нің № 32 мекемесіне көшпелі іс-шара ұйымдастырылды.
Кездесу барысында сотталғандарға өздерін қызықтырған мәселелер бойынша құқықтық консультациялар беріліп, Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелері, Ата Заңда бекітілген азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтары түсіндірілді.
Қатысушылар өз сұрақтарына жауап алып, конституциялық құқықтарын жүзеге асыру және қорғау тәртібі бойынша түсініктемелер алды.
Мұндай іс-шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрметпен қарауды қалыптастыруға және баршаға құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Сотталғандарға құқықтық көмек көрсету
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-krg/press/news/details/1330757?lang=kk