ТӨЛЕБИ: «TOLEBI SMART SCHOOL» ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» ЖШС-НЕ ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ

ТӨЛЕБИ: «TOLEBI SMART SCHOOL» ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП» ЖШС-НЕ ЖОСПАРДАН ТЫС ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗІЛДІ
Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Түркістан облысы бойынша департаментінің тексеру тағайындау актісіне сәйкес үстіміздегі жылдың 16 қараша күні Департаменттің «Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің» бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы Смадияр Алдияр Шаниярұлы Төлеби ауданының білім бөліміне қарасты «Tolebi Smart School» жалпы білім беретін мектеп» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.
 
Тексерудің негізгі мақсаты – жұмыс беруші мен жұмыскердің Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің заңнамалық талаптарын, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормаларды сақтауын бақылау, қызметкерлердің еңбек құқықтарының қорғалу деңгейін зерделеу.
 
Тексеру барысында Алдияр Шаниярұлы мекемедегі еңбек қатынастарын рәсімдеу, еңбек шарттарының талаптарын сақтау, қызметкерлерге еңбекақы төлеу, жұмыс уақыты мен тынығу уақытының тәртібі, сондай-ақ жұмыс орындарында қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мәселелеріне назар аударды.
 
Сонымен қатар, Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы тарапынан мектеп ұжымымен кездесу ұйымдастырылып, жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі міндеттерінің орындалуы, қызметкерлердің қауіпсіз еңбек жағдайларымен қамтамасыз етілуі және қолданыстағы заңнамада көзделген талаптардың сақталуы зерделенді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/turkistan-enbek/press/news/details/1330755?lang=kk