Ірі кәсіпорын қызметкерлерінің сұранысымен облыстық тілдерді оқыту орталығында «Quiz UI» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Сайысқа «Самұрық-Қазына» АҚ қарасты Ақтөбе қаласындағы алты компанияның (”Казахойл Ақтөбе” ЖШС, “Қазақтүрікмұнай” ЖШС, “ҚазТрансОйл” АҚ, “QazaqGaz Aimaq” АҚ, “Қазпошта” АҚ, “KEGOC” АҚ) қызметкерлері қатысты. Ойын бес кезеңнен тұрды: «Білім бәйгесі», «Media сұрақтар», «Байланыс буыны», «Ой аламаны» және «Бәс Time». Қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, білімдері мен тапқырлықтарын сынады. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдармен марапатталып, арнайы сыйлықтарға ие болды. Барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз! 🏆
🧠 «QUIZ UI» ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ОЙЫНЫ ӨТТІ
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-til/press/news/details/1330749?lang=kk