Жетісу өңірінің мақтанышы, Азия чемпионы жас балуан Дәулетхан Мерей Мәуленұлының жетістіктерін дәріптеу және оны туған жерінде ел болып салтанатты түрде қарсы алу мақсатында Жыланды ауылдық мәдениет үйінде арнайы ұйымдастыру кеңесі өтті.
Алқалы жиынға:
* Мақсұт Асқарбекұлы – ауылдық округ әкімі;
* Мұратхан Бабақұмарұлы – ақсақалдар алқасының белсенді мүшесі;
* Эльмира Қаметқызы – Жыланды ауылдық мәдениет үйінің директоры;
* Айгүл Тереханқызы – ауылдық кітапханашы;
* Қуаныш Мұратбекұлы – Жыланды мектеп-лицейінің директоры;
* Шайхынов Дәулетхан ағамыз бен Құлаш Бабақұмарқызы – Дәулетхан Мерей Мәуленұлының атасы мен әжесі қатысты.
Отырыс барысында Мерейді ауыл тұрғындарының салтанатты түрде қарсы алу рәсімі, мектеп оқушыларымен, ауыл ақсақалдарымен және жергілікті қауымдастық өкілдерімен өтетін рухты да мазмұнды кездесудің бағдарламасы, дайындық барысы мен ұйымдастыру мәселелері жан-жақты талқыланды.
Жиын қорытындысында алдағы кездесуді жоғары деңгейде өткізуге бағытталған бірқатар міндеттер айқындалды.