21 қарашадан бастап балаларды есепке алу және мектептегі буллингтің алдын алудың жаңартылған ережелері қолданысқа енгізіледі.
Елде 0 мен 18 жас аралығындағы балалардың бірыңғай деректер базасы жүргізіледі. Бұл базаға оқушылар, мектепке дейінгі балалар, оқумен қамтылмаған балалар, сондай-ақ сабақты дәлелсіз себептермен жүйелі түрде босататындар енгізіледі.
Тұрақты түрде сабақ босататын балалар туралы ақпарат ай сайын полициямен келісіліп, 10-жұлдызға дейін Ұлттық білім беру деректер базасына енгізіледі.
Жәбірлеу туралы түскен ақпаратты білім беруді басқару органдары бір жұмыс күні ішінде тіркеуге тиіс.
Сонымен қатар, мектептер психологиялық қолдау ұйымдастыруға міндетті.
Қазақстанда сабақ босатуды бақылау қатаңдатылып, буллингке қарсы күрес ережелері өзгертілді
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1330651?lang=kk