Қазақстанда мемлекеттің балаларға бағытталған инвестициясы үш есе өсті. Бұл туралы Құрылтайда «Қазақстан балалары» тұжырымдамасының іске асырылуын талқылауға арналған Үкімет сағатында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, 2024 жылдан бері «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылып келеді және елдегі әрбір баланың арнайы шотына тиісті қаражат тұрақты түрде аударылуда.
Бағдарлама іске қосылған уақыттан бергі аударымдар көлемі жыл сайын артып келеді: 2024 жылы балалардың шоттарына 695,5 млн АҚШ доллары түссе, 2025 жылы бұл көрсеткіш 888,8 млн АҚШ долларын құрады. Ал 2026 жылы аударылған қаражат көлемі 901,7 млн АҚШ долларына жетті.
«Ұлттық қор – балаларға»: биыл балалардың шотына 902 млн АҚШ доллары аударылды
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-bala/press/news/details/1330649?lang=kk