Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында полиция қызметкерлері TikTok платформасындағы тікелей эфирдің бейнежазбасын анықтады. Эфир барысында аккаунт пайдаланушысы көпшілік алдында былапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіп пен жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын бұзған.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері Тараз қаласының тумасы, 36 жастағы Дамир Серікті анықтады. Айналасындағыларды құрметтемеу және қоғамдық тәртіпті бұзу арқылы көрініс тапқан ұсақ бұзақылық әрекеті үшін ол әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сот шешімімен құқық бұзушыға 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.
Полиция интернет кеңістігі ережелер мен жауапкершіліктен тыс аймақ емес екенін еске салады. Көпшілікке арналған тікелей эфирлер, пікірлер мен жарияланымдар пайдаланушыларды қоғамдық тәртіп нормаларын сақтау және айналасындағыларды құрметтеу міндетінен босатпайды.
Құқыққа қайшы әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.
Астанада TikTok желісіндегі тікелей эфир кезінде балағат сөздер айтқан ер адам 7 тәулікке қамалды
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1329536?lang=kk