ЖАҢАӨЗЕНДЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫНДА АЙҚЫНДАЛҒАН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАҢАӨЗЕНДЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫНДА АЙҚЫНДАЛҒАН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАҢАӨЗЕНДЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫНДА АЙҚЫНДАЛҒАН ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫН ДАМЫТУДЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

Жаңаөзен қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан халқына арнаған «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауында белгіленген міндеттерді талқылауға арналған кездесу өтті.

Іс-шара Жаңаөзен көпбейінді қалалық ауруханасының акт залында ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – Жолдауда қойылған міндеттерді медицина қызметкерлеріне түсіндіру, саланың өзекті мәселелерін талқылау және медициналық көмектің сапасын арттыру жөніндегі шараларды қарастыру. Мемлекет басшысы өз Жолдауында халықтың әл-ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарының бірі екенін атап өтті. Денсаулық сақтау саласында медициналық инфрақұрылымды дамыту, жаңа медициналық нысандар салу, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Аталған бағыттар бойынша ҚР Құрылтайының I шақырылым депутаты Аббат Жәңгірханұлы Өрісбаев, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің төрағасы Лаурра Мұстафақызы Ахметнияз, мемлекет және қоғам қайраткері, «Әділет» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының басшысы Имаммахмут Мұхитович Шағырбаев баяндама жасады.

Іс-шараға Маңғыстау облысының Медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Аманбекқызы Мұхамбетярова, Жаңаөзен көпбейінді қалалық ауруханасының директоры М.К. Эдельханов, директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары А.З. Есенгулов, №1, №2 және №3 қалалық емханалар басшылығының өкілдері, жекеменшік медициналық ұйымдардың мамандары, дәрігерлер мен орта буын медицина қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында денсаулық сақтау саласындағы реформаларды іске асыру, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту және алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесін одан әрі дамыту мәселелері қаралды.

Жиын қорытындысы бойынша қатысушылар Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді жүзеге асыруда медицина қызметкерлерінің рөлі маңызды екенін атап өтіп, отандық денсаулық сақтау жүйесін дамыту бағытындағы жұмыстарды жүйелі әрі дәйекті түрде жалғастыру қажеттігін жеткізді.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kmfk/press/news/details/1329531?lang=kk