Тимирязев ауданының әкімі Ерлан Жаровтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына арналған аудандық актив отырысы өтті.
Кездесу барысында аудан әкімінің орынбасарлары баяндама жасап, Жолдаудың негізгі ережелерін түсіндірді, сондай-ақ оларды іске асыру аясындағы басты міндеттер мен алдағы жұмыстың басым бағыттарын атап өтті.
Актив қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы қойған міндеттерді жүйелі түрде орындаудың және барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз етудің маңыздылығы атап өтілді.
Президент жолдауы бойынша Актив
Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-timiryazev/press/news/details/1329530?lang=kk