ШҚО-да полицейлер жасөспірімдер арасындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмысын күшейтуде

ШҚО-да полицейлер жасөспірімдер арасындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмысын күшейтуде

ШҚО-да полицейлер жасөспірімдер арасындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу жұмысын күшейтуде

Шығыс Қазақстан облысында Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері мектеп оқушыларымен, ұстаздармен және бейінді ведомство өкілдерімен профилактикалық кездесулер өткізуде.

12 қараша күні Өскемен қаласындағы №35 орта мектепте 10-сыныптың 50-ден астам оқушысы қатысқан кездесу өтті. Оларға есірткі қолданудың салдары, оны таратқаны үшін көзделген жауапкершілік және жастарды заңсыз әрекетке тарту тәсілдері түсіндірілді.

Бүгін Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында білім беру саласының өкілдері және басқа да уәкілетті органдардың қатысуымен кездесу өтті. Онда тәуекел тобына жататын жасөспірімдерді ерте анықтау және білім беру ұйымдарындағы профилактикалық жұмысты күшейту мәселелері талқыланды.

Кездесулер барысында нақты мысалдар да келтірілді. Облыс аумағында есірткіге қатысты құқық бұзушылықтарға қатысы бар алты кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталған. Жасөспірімдерді заңсыз есірткі айналымына көбіне оңай табыс табу ұсынысы арқылы тартады. Оларға курьер болып жұмыс істеу, есірткі заттарын жасырын орындарға жеткізу және тарату ұсынылады.

Полиция ата-аналар мен ұстаздарды жасөспірімдердің мінез-құлқы мен араласатын ортасына назар аударуға, кіммен қарым-қатынас жасайтынын білуге және күмәнді табыс көздеріне қатысты ұсыныстарға мән беруге шақырады. Уақытылы көрсетілген қолдау мен сенімді әңгіме балаларды теріс ықпалдан қорғауға көмектеседі.

 

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1329517?lang=kk