2026 жылғы 13 қараша күні ауыл мектептерінің 9–11-сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Іс-шараны «Қызылжар дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы ұйымдастырды.
Олимпиада қорытындысы бойынша Қызылжар ауданының 17 оқушысы жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Жас дарындарға оқуда толағай табыстар, жаңа жаңалықтар ашып, республикалық және халықаралық олимпиадаларда жарқын жеңістерге жетулеріне тілектеспіз!