11 қарашада Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевтың төрағалығымен өткен «Еркіндік рухы» жастар құқықтары жөніндегі комиссияның кезекті отырысына қатыстық.
Отырыс барысында 2026 жылдың 10 айындағы жұмыс қорытындылары шығарылып, жастардың құқықтарын қорғау, құқықтық сауаттылығын арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері талқыланды.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен және Комиссия мүшелерімен бірлесіп, жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, өзекті мәселелерді анықтау және құқықтық мәдениетін арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырамыз.
Жастардың құқығын қорғау – баршамызға ортақ міндет!