Валюталық бақылау: кәсіпкерлер нені ескеруі керек?

Валюталық бақылау: кәсіпкерлер нені ескеруі керек?

Құрметті кәсіпкерлер! Шетелдік жеткізушілермен немесе сатып алушылармен жұмыс істесеңіздер, валюталық бақылау талаптарын ескерген жөн. Бұл талаптар сомасы 50 мың АҚШ долларынан асатын экспорттық-импорттық келісімшарттарға қолданылады. Ең алдымен, сыртқы экономикалық келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындау мерзімдерін сақтау қажет. Егер тауарды экспорттасаңыз, шетелдік сатып алушыдан төлемнің түсуін қамтамасыз ету маңызды. Ал шетелдік жеткізушіге ақша аударып, бірақ тауарды алмаған болсаңыз, заңнамаға сәйкес қаражат қайтарылуы қажет. Сонымен қатар, тауар жеткізілген немесе төлем жасалған күннің өзінде, банктік бақылау барысында сәйкессіздіктер анықталуы мүмкін. Мысалы, келісімшарт нөмірінің қате көрсетілуінен немесе қосымша келісімнің уақтылы ұсынылмауынан сәйкессіздік туындауы мүмкін. Сондықтан жыл соңына дейін банктегі мәліметтермен салыстырып, тексеру жүргізіп, келісімшарттардың орындалу мерзімдерін және құжаттардағы мәліметтердің дұрыс көрсетілуін тексеруге кеңес береміз. Мемлекеттік кірістер органдарынан валюталық бақылау мәселесі бойынша сұрау салу келіп түссе, растайтын құжаттарды уақтылы ұсыну қажет. Құжаттарды уақтылы салыстырып тексеру артық сұрақтардың туындауы мен заңбұзушылықтардың алдын алуға көмектеседі.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-almaty/press/news/details/1329502?lang=kk