Құрметті Сарыағаш қаласының тұрғындары мен көлік жүргізушілері!
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Сарыағаш қаласындағы кәріз желілерінің құрылысы (1-кезең) жобасы аясында бекітілген жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес, Әйтеке би көшесінің бойында траншея қазу және кәріз құбырларын төсеу жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты, құрылыс-монтаж жұмыстарын қауіпсіз әрі сапалы орындау мақсатында 2026 жылғы 14–15 қараша күндері Әйтеке би көшесінің Абай–Шымкент автомобиль жолымен қиылысынан бастап, Ұлы дала көшесімен қиылысына дейінгі жол учаскесінде көлік құралдарының қозғалысы уақытша толық шектеледі (жол жабылады).
Аталған кезеңде Қасымбекова, Қазыбек би және Исмайлов көшелерінде, сондай-ақ республикалық маңызы бар А-15 автомобиль жолында көлік қозғалысы толық ашық болады. Көлік жүргізушілеріне осы көшелер арқылы айналма бағыттармен жүру ұсынылады.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауларыңызды, қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауларыңызды және жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын сақтауларыңызды сұраймыз.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі