Батыр ауылдық округінде көпбалалы аналарға құрмет көрсету мақсатында «Алтын алқа» және «Күміс алқа» наградаларын табыстау рәсімі өтті.
Салтанатты рәсім барысында ауыл әкімі Сауыт Нұрғалиұлы көпбалалы аналарды айтулы марапаттарымен құттықтап, отбасындағы береке мен бірліктің, ұрпақ тәрбиесі мен ел болашағының негізі – ана екенін атап өтті.
Ана – мейірімнің шуағы, отбасының тірегі, ұлт тәрбиесінің алтын діңгегі. Бала тәрбиелеп, ел болашағына үлес қосып отырған аналардың еңбегі әрдайым құрметке лайық.
Барша марапат иелеріне зор денсаулық, отбасыларына амандық, шаңырақтарына шаттық пен береке тілейміз! Ұрпақтарыңыздың қызығын көріп, әрдайым абырой биігінен көріне беріңіздер!