Ауыл шаруашылығы жануарларын әкетудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2026 жылғы 3 қарашадағы № 746 тіркеу нөмірімен тіркелген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2026 жылғы 1 қыркүйектегі № 326 бірлескен бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер департаменті алты ай мерзімге Қазақстан Республикасының аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге асыл тұқымды ірі қара малдың (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша коды 0102) және асыл тұқымды ұсақ малдың (Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы бойынша коды 0104) басын әкетуге тыйым салынғанын хабарлайды.