СҚО полицейлері оқушыларға бопсалау және интернеттегі қауіпті ұсыныстар үшін жауапкершілік туралы айтып берді

СҚО полицейлері оқушыларға бопсалау және интернеттегі қауіпті ұсыныстар үшін жауапкершілік туралы айтып берді

Әзіл мен буллингтің аражігін қалай ажыратуға болады? Құрдастары ақша талап етіп немесе қорқытса, не істеу керек? Интернетте оңай табыс табуға уәде беру қылмыстық іске әкеп соғуы мүмкін бе? Бұл мәселелер СҚО ПД Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Жақыпбек Жүнісбектің «Дарын» мектеп-лицейінің оқушыларымен ашық диалогы барысында талқыланды.

Кездесуге жоғары сыныптардың 100-ге жуық білім алушылары қатысты. Кәмелетке толмағандар тартылатын құқық бұзушылықтарға, соның ішінде бопсалау фактілеріне ерекше назар аударылды. Жыл басынан бері Тергеу басқармасының өндірісінде осындай 9 дерек болған. Екі жағдайда күдіктілер 16-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер болса, төрт жағдайда 18-ден 20 жасқа дейінгі жастар болған.

Сондай-ақ, Жақыпбек Жүнісбек әлеуметтік желілер арқылы жасөспірімдерді есірткі заттарын өткізуге тарту қаупі туралы айтып берді. Мысал ретінде Талдықорған қаласында болған оқиғаны келтірді: кәмелетке толмаған жасөспірімге «күніне екі сағат жұмыс істегені үшін 15 мың теңге» төленеді деп уәде берген. Алайда алғашқы «есірткі жасырған орынға» барғаннан кейін-ақ оқушы ұсталды.

Мұндай профилактикалық кездесулер Ішкі істер министрлігінің тапсырмаларын орындау аясында, прокуратурамен, СҚО-дағы криминогендік ахуалды сауықтыру жөніндегі Жол картасын іске асыру және жұмыс жоспарлары негізінде тұрақты түрде өткізіледі. Олардың мақсаты — жасөспірімдерді қорқыту емес, қауіп-қатерді дер кезінде танып, көмектесу.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-sko/press/news/details/1329480?lang=kk