Құрметті әріптестер!
Баршаңызды еліміз үшін айрықша маңызы бар мереке – Қазақстан Республикасының Ұлттық валюта күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Теңге - тәуелсіздігіміздің маңызды нышандарының бірі, мемлекетіміздің экономикалық дербестігінің, қаржылық тұрақтылығы мен егемендігінің айғағы. Ұлттық валютамыздың қалыптасуы мен нығаюы еліміздің экономикалық дамуының жаңа кезеңіне жол ашты.
Бүгінде қаржы саласы - мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін маңызды бағыттардың бірі. Бұл салада қызмет ету үлкен жауапкершілікті, кәсібилікті, адалдықты және өз ісіне деген жоғары жауапкершілікті талап етеді.
Баршаңызды Ұлттық валюта күнімен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, кәсіби жетістіктер мен жаңа белестер тілейміз!
Мереке құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, теңгеміз тұрақты болсын!