2026 жылғы 12 және 13 қарашада Ақмола облысының Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының ғимаратында өңірдің аудандары мен қалалары бөлінісінде сауалнама нәтижелері мен отбасылардың әл-ауқатын бағалау мәселелерін қарау бойынша облыстық штаб отырыстары жалғасты.
12 қарашада отырыс Ақмола облысының Жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Ш.С. Рахматуллинаның төрағалығымен, ал 13 қарашада басқарма басшысының орынбасары Е.К. Мұхамединнің төрағалығымен өтті.
Отырыс жұмысына облыстың аудандары мен қалалары әкімдерінің орынбасарлары, сондай-ақ жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары қатысты.
Екі күн ішінде облыстың 15 өңірі бойынша жүргізілген сауалнама нәтижелері қаралды. Олардың қатарында Атбасар, Есіл, Бұланды, Целиноград, Бурабай, Астрахан, Сандықтау, Зеренді, Жақсы, Ақкөл, Қорғалжын, Шортанды, Егіндікөл аудандары, Біржан сал ауданы және Қосшы қаласы бар.
Отырыс барысында сауалнама нәтижелеріне талдау жүргізіліп, үй шаруашылықтарының әл-ауқатын бағалаудың объективтілігі, ұсынылған мәліметтердің толықтығы мен анықтығы, сондай-ақ қосымша әлеуметтік қолдауды қажет ететін отбасыларды анықтау мәселелері қаралды.
Жүргізіліп жатқан жұмыс отбасылардың әл-ауқатына объективті баға беруге, халықтың әлеуметтік осал санаттарын уақтылы анықтауға және атаулы әлеуметтік қолдау тетіктерін жетілдіруге бағытталған.
Бұл бағыттағы жұмыстар 2027 жылдан бастап отбасылардың әл-ауқатын бағалаудың жаңартылған тәсілдерін кезең-кезеңімен енгізуге дайындық аясында жалғастырылатын болады.