Қазақстан Республикасының қаржы саласы жұмыскерлерінің күні қарсаңында қаржы басқармасының акт залында қаржы қызметі ардагерлерінің қатысуымен салтанатты іс шара өтті.
Қазақстан Республикасының ұлттық валюта күні шеңберінде Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасының қызметкерлері жоғары марапаттарға ие болды.
Қаржы саласының дамуына қосқан елеулі үлесі, көпжылдық адал еңбегі және қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқарғаны үшін басқарма қызметкерлері «Қаржы саласының үздігі» төсбелгісімен Мирская Марина Ефимовна, сондай-ақ бірқатар қызметкерлер Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі мен Батыс Қазақстан облысы әкімінің алғыс хаттарымен алғыс хаттарымен марапатталды.
Бұл марапаттар – қызметкерлеріміздің кәсібилігі мен қажырлы еңбегінің, қаржы жүйесін дамытуға қосқан үлесінің айқын көрінісі.
Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.