Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов азаматтарды жеке қабылдап, кездесу барысында нысандардың құрылысы мен қаржыландырылуы, тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ мәдени бастамаларды қолдау мәселелерін қарастырды.
Атап айтқанда, тұрғындар Қызылжар кентінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылыс жұмыстарына жұмсалған қаражатты қаржыландыру және көпбалалы аналарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері бойынша өтініш білдірді.
Сонымен қатар белгілі қазақстандық ақын, журналист, аудармашы әрі сазгер Марфуға Бектемированың шығармашылығына арналған еске алу кешін ұйымдастыру және қаржыландыру жөніндегі өтініш те қаралды.
Барлық өтініш бойынша тиісті мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар берілді.